Қайдан сатып алуға болады

Компьютерлік көру синдромы және құрғақ көз синдромы

Компьютерлік көру синдромы  компьютерлер мен басқа да электрондық құрылғыларды ұзақ уақыт пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін күрделі бұзылыс болып табылады. 


Синдромның дамуы екі түйінді фактормен байланысты:

  1. Көздің құрғауы: экраннан бас алмаған кезде, жыпылықтау жиілігі минутына 18-20 рет қалыпты жылдамдықтан азырақ минутына 4-5 рет жылдамдыққа дейін төмендейді. Бұл құрғақтық синдромын тудыруы мүмкін, онда көзге ылғал жетіспейді.
  2. Аккомодация түйілуі: компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу көз бұлшықеттерінің тұрақты кернеуін білдіреді, бұл анық көруді нашарлатуға және көздегі жайсыздыққа алып келуі мүмкін.

ККС белгілері мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Жақын немесе алыс көру қабілетінің төмендеуі;
  • Көздегі ауырсыну және шаршау;
  • Құрғау және қызару;
  • Жарыққа тым жоғары сезімталдық;
  • Түйіспелі линзаларды пайдалану кезінде жайсыздық;
  • Мойын, арқа және белдегі ауырсынудың пайда болуы.

ККС алдын алу үшін мыналар ұсынылады:

  • Жұмыс орнын жақсы жарықтандыруды қамтамасыз ету және мониторды көзден 50-60 см қашықтықта орнату;
  • Жағымсыз симптомдарды болдырмау үшін гиалурон қышқылының негізінде жасалған ылғалдандыратын көз тамшыларын қолдану;
  • Үнемі үзіліс жасап, әрбір жұмыс сағатынан кейін 2-3 минут көз жаттығуларын жасау;
  • Компьютерлік сәулеленуден қорғайтын сүзгісі бар көзілдірік кию.

Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде көздің көруіне қамқорлық жасау астамдық емес, салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылатынын есте ұстаған жөн. Тиісті шаралар мен көзіміздің көруіне қамқорлық жасай отырып, біз цифрлық дәуірдің барлық артықшылықтарын жайлылық пен көздің денсаулығын жоғалтпастан пайдалана аламыз.


Көзіңіздің көруін сақтаңыз және әлемді оның барлық түстерімен тамашалаңыз!

Офтолик®

Офтолик® тамшылары повидон + поливинол құрамдастырымы бар бірегей* дәрілік зат болып табылады.
 

Офтолик® Баланс

Офтолик® Баланс құрамында 0,2% шоғырлануындағы Гиалурон қышқылы + 0,2% TS-полисахарид қамтылған. 

Офтолик® Ультра

Офтолик® Ультра құрамында 0,4% шоғырланудағы гиалурон қышқылы + 0,2%TS-полисахарид қамтылған. 

Офтолик® көзге және миға арналған дәруменді-минералды кешен

Офтолик® желісінің дәрумендерінің құрамына AREDS1, AREDS2 формулаларында бар құрамдас бөліктер кіреді.