Құрғақ көз синдромы дегеніміз не?
«Құрғақ көз» синдромы кезінде бездерден бөлінуі тиіс көз жасы сұйықтығының сапасы мен көлемі төмендейді.
Әдетте, көз жасы қабыршағы жаңарып, көздің бетін әрбір жыпылықтаған сайын ылғалдандырады, бірақ «құрғақ көз» синдромы кезінде бұл процесс бұзылады. Нәтижесінде, бұл шырышты қабықтың тітіркенуіне, ашуына және қызаруына алып келед».
«Құрғақ көз» синдромының белгілері
«Құрғақ көз» синдромы адамдардың оны әдетте қалыпты шаршаумен шатастырып, оған назар аудармайтындығымен, сондықтан да көмек үшін офтальмологтарға жүгіне бермейтіндігімен қауіпті. Бірақ, егер шаршау уақыт өте келе басылса, ал «құрғақ көз» синдромының тұрақты белгілері бар
Құрғақтық және тітіркену
Шаршау сезімі
Көру айқындылығының төмендеуі
Көзде «құм» тұрғандай сезіну
Ашу және қышу
Жарыққа сезімталдықтың жоғарылауы
Синдромның салдары
Зерттеулерге сәйкес, әрбір 4-ші қазақстандық құрғақ көз синдромына, немесе оны қысқаша атайтынындай, ҚКС-на бейім. ҚКС-на шара қолданбаса және емдемесе, симптомдар уақыт өте нашарлатын болады және одан да ауыр салдарларға алып келуі мүмкін.
Конъюнктивит пен басқа инфекциялардың даму қаупінің жоғарылауы
Патогендік микробтардан көзді қорғаудың төмендеуі
Көру қабілетінің нашарлауы
Нұрлы қабықтың жалаң жарасының пайда болуы
Аурудың дамуына әсер ететін факторлар
ҚКС белгілерінің пайда болуына әсер ететін факторлар, қоршаған ортаға байланысты сыртқы және ағзаның сипаттамаларына байланысты, ішкі болуы мүмкін.
Қоршаған ортаға немесе қызмет түріне байланысты факторлар
- Қарқынды көз жұмысы. Бұған әсіресе компьютерде жұмыс істеу немесе теледидарды, смартфондарды және планшеттерді қарау әсер етеді. Экранға қараған кезде біз көзді жиі жыпылықтатамыз, бұл көзді ылғалдандырудың жетіспеушілігіне алып келеді.
- Қосулы ауа баптағыштың жанында ұзақ болу, түтінге шалыққан үй-жай немесе құрылыс жүріп жатқан және құрылыс шаңы көп үй-жайда ұзақ болу.
- Климат: құрғақтық, ыстық, қатты жел, жарқын күн сәулесі.
- Түйіспелі линзаларды ұзақ уақыт тағу.
Ағза ерекшеліктеріне және/немесе ауруларға байланысты факторла
- Дәрі-дәрмекті қабылдау: аллергияға қарсы, аритмияға қарсы және қысымды төмендетін дәрі-дәрмектер, кортикостероидтар, антидепрессанттар, құрамында гормондары бар контрацептивтер және т.б.
- Созылмалы аурулар: конъюнктивит, блефарит, қант диабеті, Шегрен синдромы, сонымен қатар аутоиммунды аурулар және эндокриндік бұзылулар.
- Көздің механикалық зақымдануы немесе отадан кейінгі кезең, мысалы, лазерлік түзетуден кейін.
- Дәрумендердің жетіспеушілігі.
- Табиғи түрде болатын жасқа байланысты өзгерістер.
Офтолик® көз тамшылары мен дәрумендері
Көзіңізге қолдау қажет болған кезде
Көзді «құрғақ көз» синдромынан қорғайтын және айналамыздың түстерін ашық және көзге жағымды түрде көруге арналған күнделікті көз күтімі.

Дереккөз: *ҚАЗҒЗИ мақаласы - https://eyeinst.kz/news/u-kazhdogo-chetvertogo-kazahstanca-diagnostiruetsya-sindrom-suhogo-glaza-25/